Шымкенттік өрт сөндірушілер 9 адамды қауіпсіз жерге көшірді
Шымкент қаласы Нұрсат мөлек ауданында көп қабатты тұрғын үйдің 7 қабатында орналасқан пәтерде өрт орын алды. Өрт орнында 9 ш.м. үй заттары жанды.
Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуына жол бермей, өртті 18.20-да оқшаулап, 18.22-де толығымен сөндірді. Өртті сөндіру барысында 9 адам, оның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге көшірілді.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД 25 қызметкер мен 7 бірлік техника, апаттар медициналық орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – электр құралдарын дұрыс пайдаланбау салдарынан орын алған қысқа тұйықталуы.
Құрметті қала тұрғындары! Тұрмыста өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!
Өрт шыққанын білгенде…
– Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;
– Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекенжайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек. “Мен басқалар да хабарласқан шығар” деп отыруға болмайды;
Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;
Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;
Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;
Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;
Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;
Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек;
Пәтерден шықпас бұрын есіктің ар жағында оттың бар-жоғын тексеріңіз. Ол үшін есікке жақын барып, оның тұтқасы сияқты металды жерлерін ұстап көріңіз. Ол ыстық болса, есікті ашпаңыз. Керісінше, есіктің саңылауларын дымқыл матамен бітеп тастаңыз. Есіктің бер жағына су шашыңыз;