Есірткі заттары бейнеленген тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін жауапқа тартылады
Өрлеу үстіндегі Қазақстанның жарқын болашағы қазіргі жастар қолында, сондықтан ел тірегі болар жастардың толыққанды руханиадамгершілік және ұлттық мәдени дамуын қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, бәсекеге қабілеттіліктерін дамыту, психикалық саулығын нығайту маңызды міндеттердің қатарында.
Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімі, Қаратау ауданы әкім аппараты қызметкері мен Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ЖПқБ УПИ полиция аға лейтенантының қатысуымен «Diamond Рlaza» сауда орталығында есірткі заттарын насихаттау мен жарнамалаудың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Есірткі қолданған жеткіншектің өмірге деген көзқарасы өзгереді, оның бұрынғы араласқан достары өзгереді, ендігі жерде ол өзіне ұқсас балалармен қарым-қатынас жасай бастайды. Оның өмірлік жоспарлары болмайды, дүниеге деген көзқарас, өмір жайлы пікірлері тарыла бастайды. Есірткіге тәуелді болған жеткіншек тек бір ғана күнмен өмір сүреді, оның мақсаты сол бір күнін ақша, есірткі табуға кетіру. Жеткіншектің отбасындағы ата-анасымен қатынасы өзгереді, ол үйден жиі қашып, ата-ананың айтқанын тыңдамайды. Үйден ақша ұрлап, есіркі табу жолын ғана іздейді. Мектептегі жағдай да өзгереді, бала сабақтан көп қалады, кейін сабаққа мүлде қатыспайды. Оның уақыты нашақорлар тобында өтеді. Психотропты заттардан жеткіншектер әр түрлі улану қалпына келеді. Бұл жеткіншектің физиологиялық және психологиялық ерекшелігіне байланысты. Психотропты заттардан масаю кезінде жеткіншектің өз әрекетін қадағалуы әлсірейді, өз мүмкіндіктерін бағалай алмайды, мінез-құлық мотиві өзгереді, ермек пен ләзатқа ұмтылу байқалады. Психотропты затқа уланған жеткіншек өзінің қалауын сол сәтте орындағысы келеді. Әрине, мұның нәтижесі жағымсыз болады. Психотропты затқа масайған жеткіншек көп сөйлейді, қимыл әрекеті тежелуі мүмкін, сыртқы келбетінен көрінеді.
Жауапты мамандар жеке кәсіпкерлерге адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын ескертті.