BasNewsЖаңалықтар

ШҚО-да жаңа екі аудан құрылады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа екі аудан құрылады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстандағы бірқатар ауданды қайта қалпына келтіру қажеттігі жайлы айтқан болатын.

Соған орай облыста кейбір аудандарды бөлу және оларды 1997 жылғы аумақтық шекараларға қайтару жөніндегі жоспар бекітілген.

Бүгін облыстық мәслихат депутаттары ШҚО құрамында әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылы болатын Үлкен Нарын ауданын құруға және жаңа ауданды Катонқарағай ауданының құрамынан бөлуге, сондай-ақ әкімшілік орталығы Марқакөл ауылы болатын Марқакөл ауданын құру және бұл ауданды Күршім ауданының құрамынан бөлуге дауыс берді. Осылайша, Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылынан Катонқарағай ауылына көшіріледі.

«Жаңа аудандарды құрудың арқасында біз мемлекеттік басқаруды оңтайландыруға қол жеткізе аламыз. Аудан орталығына дейінгі қашықтықтың қысқаруына байланысты қызметтерге ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеміз. Жергілікті мәселелерді шешуде аудандардың дербестігін арттырамыз, нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасы жақсарады. Жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың көші-қон процестерінің төмендеуіне қол жеткіземіз, – деп түсіндірді Күршім және Катонқарағай аудандарының әкімдіктері.

Back to top button