BasNewsЖаңалықтар

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Бірінші қыркүйектен бастап Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Жергілікті атқарушы органдардың шақыру пункттерінде 195 қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмыс істейді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, биыл күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскер қатарына алынбақ. Қарулы күштер қатарына 8 мыңның үстінде, Ұлттық ұланға – 6 мың, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 мың, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 азамат шақырылады.

Back to top button