BasNewsЖаңалықтар

Үндістан Күнді зерттеу үшін ғарыш обсерваториясын ұшырды

Айға станцияны сәтті қондырған Үндістан Күнді зерттеу үшін ғарыш обсерваториясын ұшырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Обсерваторияны ұшыру сәті Үндістан ғарыштық зерттеу ұйымының YouTube-арнасында трансляцияланған.

Ғарыш аппараты Жерден 1,5 миллион шақырым жерде болмақ. Бірақ діттеген орынға жету үшін 4 ай қажет. Аппарат Күннің сыртқы қабаттарын бақылап, ғарыш ауа райына әсер ететін факторларды зерттейді.

23 тамызда Үндістан Айдың оңтүстік полюсіне станция қондырған алғашқы ел атанды. Айға ұшу уақыты 3 аптаға созылған. Аппарат сейсмикалық белсенділікті, топырақ пен экзосфераны зерттейді.

Back to top button