BasNewsЖаңалықтар

Қостанайда үйлердің бірінде салқын судың орнына ыстық су ғана ағады

Қостанайдағы үйлердің бірінде салқын су жоқ. Екі жерінен де ыстық су ағады. Тұрғындар бірнеше ай бойы коммуналдық қызметтер мен қызмет көрсету ұйымынан мәселені шешуді сұрайды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Алау сайтына сілтеме жасап.

Салқын суға зар болған тұрғындар мәселені шешуді талап етті.

«Қостанай-су» -ға өтініш білдірдік, үйдің құбырына  тексеру жүргізілді. Су ағып жатыр екен, сосын “Қостанай-су” мұны біз шешпейміз деп кетіп қалды. Бұл үй ішілік желілерді жүргізуге байланысты, ПСПК-ға хабарласу қажет», – деді тұрғын Ирина Макарова.

Валентина Ивановна 86 жаста. Ол пәтерде жалғыз тұрады. Краннан тек ыстық су ағатындықтан, шай іше алмай қалғанын айтады.

Тұрғындар үйге қызмет көрсететін сервистік компанияға жүгінді.

«Мәлімдемелер қабылданбайды, бәрі «бұл біздің қателігіміз емес» дейді», – дейді Макарова.

Бұл бір пәтердегі су жылытқышқа байланысты екені анықталды. Бірақ ақаулықты үйге қызмет көрсететін компания шешуі керек.

«Пәтердің жаңа қожайыны үйін жалға береді, өзі келмейді. Оның қазандығы өшірілмеген секілді. Оны таба алмай жүрміз. Қазандықтың кесірінен ыстық су салқын суды итеруде. Учаскелік бөлімшеге хабарладық, есікті бұзып ашамыз», – деп мәлімдеді «Баймағамбетов 158» мүлік иелерінің бірлестігі төрағасы Зоя Анциферова.

Back to top button