BasNewsЖаңалықтар

Абай облысында Сібір жарасына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді

Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Науқас ПТР тестінен өтті, қазіргі уақытта ауру расталмады.Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Сондай-ақ, жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Back to top button