Шымкент тұрғыны терроризмді насихаттады деген айыппен жеті жылға сотталды
Сот терроризмді насихаттап, діни араздықты қоздыру ісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынын жеті жылға соттады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің 21 қыркүйек күні мәлімдеуінше, ведомство терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.
«Сотталған интернетте радикалды уағызшылардың дәрістерін зерделеп, Сириядағы діндестерімен байланыста болып, жалған атпен әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық экстремизм идеологиялық материалдарын жариялаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді», – делінген ҰҚК таратқан хабарламада.
Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.