Екі оқыс оқиға бір күннің ішінде орын алды

Жыл басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлау 6 фактісі тіркелген. Оның ішінде екі қайтыс болған, 4 бала жарақат алып отыр. Барлық оқыс оқиғаларда бүлдіршіндер ата-анасының қарауынсыз қалған.
Екі оқыс оқиға бір күннің ішінде орын алды. Екі жағдайда да жас балалар ата-анасының қарауынсыз қалған.
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Дағдарыс жағдайда басқару басқармасына сағат 16.35-те «103» жедел жәрдем қызметінен хабарлама келіп түскен.
Әл-Фараби ауданы, №17 шағын ауданындағы №11 көп пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабаттағы терезеден 2022 ж.т. қыз бала құлап, ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр, жансақтау бөліміне жатқызылған. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаментінің қызметкерлері анықтауда.
Екінші оқыс оқиға туралы хабар «103» жедел жәрдем қызметінен сағат 20.35-те келіп түсті. Тұран ауданы, Спорт шағын ауданында №4 көп пәтерлі 5қабатты тұрғын үйдің 4-қабаттағы терезеден 2019 ж.т. ер бала құлап, ауруханаға жеткізілді. Жағдайы ауыр, жансақтау бөліміне жатқызылған. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаментінің қызметкерлері анықтауда.
Құрметті ата-аналар! Балаларыңызға абай болыңыздар, қараусыз қалдырмаңыздар!
Шымкент қаласы ТЖД «112» құтқару қызметіне сағат 17.17-де есікті ашып беру хабарлама келіп түсті.Хабарламада 3 шағын ауданындағы 13 көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде есік ашылмай жатқаны туралы айтылған.
Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі сатыны қолданып, пәтерге терезеден кірген. Есікті іштен ашып берді. Пәтердің ішінде еденге құлаған қар әжені құтқарушылар төсегіне жатқызды. Хал-жағдайын сұрастыра келе, медициналық көмек керек еместігі анықталды. Оқиға орнына келген туыстарына тапсырылды.
Осы төтенше жағдайды жою, адам өмірін құтқару үшін хабарлама түсе сала оқиға орнына асығатын өрт сөндірушілер жолда талай кедергілерге жолығатыны рас. Кептеліс, жол бермеу, тіпті өкінішке жол-көлік оқиғалары да болып жатады. Осындай жағдайдың бірі Шымкентте орын алған болатын. Алапат өрт орын алды деген хабарламаны ала сала жолға шыққан өрт сөндіру техникасы қаламыздың көшелерінің бірінде жеке автокөлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Осы орайда өрт сөндіру бөлімдерінде арнайы мамандардың қатысуымен сабақтар, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



