Бір қабатты қойма үй-жайының жануы туралы хабарлама келіп түсті
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» диспетчерлік қызметіне сағат 15-14-те Әйтеке би көшесіндегі әл-Фараби ауданындағы бір қабатты қойма үй-жайының жануы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт алаңы 150 шаршы метрді құрады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Материалдық залалдың мөлшері мен себебі анықталуда.
Өрт орнына жеке құрамның 64 адамы және өрт сөндіру техникасының 16 бірлігі, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы, жедел медициналық жәрдем бригадасы тартылды.
Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» қызметіне сағат 01.45-те Абай ауданы, Бозарық шағын ауданы Желтау көшесіндегі тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшесі жеткен кезде үйдің ауласындағы 120 ш.м. қора толығымен, ішінде 5 бас сиыр жанып жатқандығы анықталды. Өрт сағат 02:43-те оқшауланып, сағат 03:25-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өртті сөндіруге 4 техника, жеке құрамнан 22 адам, апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.
Осы уақытқа дейін Шымкент қаласы аумағында 109 өрт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға өскен. Биылғы жылы өрттен жарақат алғандар тіркелмеді, өткен жылмен салыстырғанда 100%-ға төмендеген. Тіркелген өрттердің негізгі бөлігін 75% тұрғын үйлер мен автокөліктердегі өрт оқиғалары құрап отыр. Қалған 25 өрт немесе 27,25% өндіріс, сауда, қойма, әкімшілік объектілерде және ашық аумақтарда орын алды.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің есебінде 93 жоғарғы қабатты тұрғын үй есепке алынған. Жоғарғы қабатты тұрғын үйдің 25 тұрғын үйінде қызмет көрсету мекемелері микро және шағын кәсіпкер болуына және мароторий жариялануына байланысты, 68 тұрғын үйінде пәтер иелері кооперативі (КСК) құрылмағандықтан, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті тарапынан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақталуы бойынша тексеру жүргізілмей келеді.
Осыған қарамастан, департамент қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде барлық пәтер иелеріне өрт қауіпсіздік талаптарын сақталуы туралы 70 үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жаднама парақшалары таратып келуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Құрметті қала тұрғындары! Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!