Шымкентте құтқарушылар дәрігерлерге баланың қолын электр тартқыштан босатуға көмектесті
Сайрам елді мекеніндегі N3 Шымкент қалалық ауруханасында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр ет тартқыштан босату бойынша бірегей операция жүргізді.
Қалалық ауруханадан » 112 » құтқару қызметіне 3 жасар баланың қолын электр ет тартқыштың құбырына тартып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Балаға көмек көрсету үшін дәрігерлер оның қолын шығарып ала алмады, құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Ата-аналардың айтуынша, бала электр тартқышпен жұмыс істеген кезде оның жанында болған. Құтқарушылар операцияны дәрігерлермен бірге жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен ет тартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты, бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған.
Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде.
Шымкент қаласы ТЖД «112» құтқару қызметіне сағат 17.17-де есікті ашып беру хабарлама келіп түсті. Хабарламада 3 шағын ауданындағы 13 көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінде есік ашылмай жатқаны туралы айтылған.
Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі сатыны қолданып, пәтерге терезеден кірген. Есікті іштен ашып берді. Пәтердің ішінде еденге құлаған қар әжені құтқарушылар төсегіне жатқызды. Хал-жағдайын сұрастыра келе, медициналық көмек керек еместігі анықталды. Оқиға орнына келген туыстарына тапсырылды.
Осы төтенше жағдайды жою, адам өмірін құтқару үшін хабарлама түсе сала оқиға орнына асығатын өрт сөндірушілер жолда талай кедергілерге жолығатыны рас. Кептеліс, жол бермеу, тіпті өкінішке жол-көлік оқиғалары да болып жатады.
Осындай жағдайдың бірі Шымкентте орын алған болатын. Алапат өрт орын алды деген хабарламаны ала сала жолға шыққан өрт сөндіру техникасы қаламыздың көшелерінің бірінде жеке автокөлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.