ЖаңалықтарШымкент

Зейнеткерлер түрлі мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды

Шымкент қаласы Әділет департаменті мамандарының, адвокаттардың және заң консультанттарының қатысуымен «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында зейнеткерлерге «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.
Басқосу барысында сала мамандары зейнеткерлерге зейнетақы, жылжымайтын мүлікті тіркеуге қатысты мәселелері бойынша құқықтық кеңестер берілді.

Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Усипбековтың басшылығымен, Департамент мамандарының, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Сматованың, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің методология және бақылау бөлімінің бас маманы Г.Каратаеваның, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы Абай ауданы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А.Ахмедовтың, «Ай-Нұры» медициналық орталығының бөлім меңгерушісі М.Сатбаеваның, адвокаттар мен заң кеңесшілерінің қатысуымен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» қызмет алушыларына «Әділет кеңес береді» акциясы өтті.
Акция аясында қарттарға зейнетақы және жәрдемақы тағайындау, медициналық мекемелерде емделу, инватакси қызметін қарастыру, мүгедектікке шығу, алимент өндіру мәселелері бойынша құқықтық кеңестер берілді.

Шымкент қаласының Әділет департаменті мен «AMANAT» партиясының Шымкент қаласындағы филиалымен бірлесіп «Құқықтық көмек» жобасы аясында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Абдалиева, адвокат Е.Тлеуов және Шымкент қалалық «Zangerler Palatasy»-ның заң кеңесшісі А.Мырзагалиева қатысты.
Қабылдау барысында өтініштерімен жүгінген азаматтар зейнетақы алу, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды, сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтардың құқықтары түсіндірілді.

 

Back to top button