ЖаңалықтарШымкент

Шымкентте әскери сарбаздарға есірткінің зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру мақсатында 6506 әскери бөлімінің сарбаздарына “Есірткінің зияны және нашақорлықтың алдын алу” жөнінде профилактикалық дәріс өткізілді.

Жиынға 130-ға жуық жас сарбаз бен әскери бөлімнің аға офицері лейтенант Оштаев Р. және қатардағы Кәдірбек С., Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Тұрғынбеков Ғ., Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Карбеков Б. қатысты.

Өкінішке орай, қазіргі заманда нашақорлық туралы жиі еститін болдық.
Бұл – қазіргі қоғамның ең өзекті проблемаларының бірі болып отыр. Бүгінгі таңда, есірткіні ғаламтордан немесе түнгі клубтардан оңайшылықпен сатып алуға болады. Әдетте, алғашқы кезде сатушы есіркіні тегін ұсынады, ал тәуелділік пайда болған соң, көп ақша талап ете бастайды. Сондықтан, нашақорлар жаңа дозаға қол жеткізу үшін ұрлық немесе тонау сияқты қылмыстық әрекеттерге баруға мәжбүр болады.
Себептері. Нашақорлық жастардың есірткіге деген қызығушылығынан басталады. Іші пысқан немесе жаңа эмоция сезінгісі келген жасөспірім, бір рет дәмін татып көрген соң, бұл әсерді тағы да сезінгісі келеді. Осылайша, тәуелділік туындайды. Жақын адамдардың тарапынан махаббат пен жылулықтың болмауы және ата-ана мен бала арасындағы түсінбеушілік, осы дертке әкелуі мүмкін. Жас балалар есірткінің көмегімен, жанұядағы проблемалардан және жағымсыз эмоциялардан арылғысы келеді. Депрессия, бақытсыздық, мазасыздық және өз күшіне сенбеушілік секілді белгілер өз-өзін төмен бағалайтын және басқаларды өзінен жоғары санайтын адамдарға тән. Олар ештенеге қызығушылық танытпай, тұйық өмір сүреді. Ішкі ауруын басатын жолдарды іздеу барысында алкоголь, есірткі сияқты «көмекшілер» сахнаға шығады.
Зияны. Жүйке жүйесі, жүрек және бауыр қатты зардап шегеді. Ұзақ уақыт пайдалану ішкі ағзалардың жұмысын бұзады. Есірткіні қабылдауды тоқтатқаннан кейін депрессия, қатты шаршау және ұйқышылдық басталады.

Back to top button