BasNewsЖаңалықтар

Қайыңдыда туристер мінген екі автобус соқтығысты

Әлеуметтік желіде Қайыңдыда туристер мінген екі автобус соқтығысқаны туралы ақпарат пайда болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жол апаты туралы ақпаратпен журналист Диас Нұрақын өзінің Facebook парақшасында бөлісті. Журналистің мәліметінше, екі автобуста жалпы саны 34 жолаушы болған.

«Пазик автобусы мен буханка  УАЗ соқтығысқан. Бірінде «Банан тур», екінші көлікте «Саяхаттайық» деген компанияның туристері болыпты. Барлығы 34 адам. Соның біреуі өліп, 20-сы жараланған. Он турист аса ауыр хәлде екен. Оларды сол баяғы салдыр-салақ уазиктермен, ауылдағы таксистермен Жалаңаштағы, Кегендегі ауруханаларға жеткізген. Дер кезінде медициналық көмек көрсетілген жоқ”, – делінген журналист жазбасында.

Журналистің айтуынша, жол апаты болған жерге ең жақын аурухана 120 шақырым жерде орналасқан.

“Жақын жерде аурухана жоқ. Кегенге дейін 120 кемі шақырым. Көлсай мен Қайыңдыда жабайы туризм дамып жатыр деп те айттым, жаздым. Себебі жолы жоқ Қайыңдыға жету үшін салдыр салақ УАЗ-ға мінуің керек. Ақшаға құныққандар «буханкаға» 10-15 адамды қой сияқты тиеп алады. Жолаушылардың орындықтарын алып тастап, скамейка қойып тастаған”, – делінген жазбада.

Back to top button