BasNewsЖаңалықтар

Ақмола облысының тұрғыны жарнамаға сеніп, 9 миллион теңгеге жуық ақшасынан айырылған

Ақмола облысының тұрғыны «криптовалютаны қайта сату үшін» алаяқтарға миллиондаған теңге берген, – деп Basnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

37 жастағы ауыл тұрғыны YouTube-тан криптовалютаны қайта сатып, ақша табуға болады деген  қаржы компаниясын көрген. Ер адам бірнеше сілтемелерден өткендіктен, алаяқтар оған бірден хабарласты.

Қаржыны инвестициялау арқылы компанияданкөп дивиденд алуға болады деп сендірген. Ауыл тұрғыны несиеге алынған екі миллион теңге салып жіберген. Содан кейін бір ай бойы алаяқтар оған үнемі қоңырау шалып, оның шотына пайыз түсіп жатқанына сендірген. Тіпті инвестицияны көбейтсін депті.

Ауыл тұрғыны сеніп, тағы төрт несие рәсімдеп, туыстарынан қарыз алып, барлық ақшасын салып жіберген. Қылмыскерлердің іс-әрекетінен 8,7 миллион теңге залал келді.

4 қазанда ауыл тұрғыны полицияға арыз жазды. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Back to top button