BasNewsЖаңалықтар
Алматы облысында жол апатынан бес адам көз жұмды
Алматы облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жамбыл ауданының аумағында Алматы-Бішкек жолында 37 жастағы әйел «Хюндай» автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, кеткен. Салдарынан автобуспен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің 37 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушысы, сондай-ақ автобуста болған 1 жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген полиция мәліметінде.