ЖаңалықтарШымкент

Интернет-алаяқтардан сақтанудың қарапайым әдістері

Интернет-алаяқтардан сақ болыңыз!

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтық жайтын алдын алу бойынша тұрғындар арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Бүгінгі таңда интернет желісінде сату туралы хабарландыру орналастырып, алаяқтардың құрбандарына айналғаны туралы өтініштер көбейіп кетті.

– Ешбір жағдайда банк қызметкерлерінің кредиттерді рәсімдеу , мүлікті сату, ақшаңызды қауіпсіз шотқа аудару немесе қарыз алу сияқты нұсқауларын телефон арқылы орындамаңыз. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де ұялы байланыс арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін есте сақтаңыз;

– Ешкімге өзіңіздің жеке деректеріңізді айтпаңыз. Пластикалық карталардағы деректер мен төлем туралы түбіртектерді, құпия сөздер мен пин-кодтарды адамдарға тіпті банк, полиция қызметкерлеріне де бермеңіз;

– Тексерілмеген сайттар мен белгісіз және жеке деректерге сенбеңіз. Онлайн сауда жасау кезінде тауарды алғаннан кейін төлем жасау туралы келісіңіз;

– Күмәнді келісімшарттар бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыз, қаржылық схемалардан сақ болыңыз;

– Смартфонға қосымшаларды орнату үшін те ресми дереккөздер AP stor, Play Market және т. б. пайдаланыңыз;

– Төлем жасау үшін күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем жасау үшін сілтеме бойынша өтуді ұсынады;

– Банк қызметтеріне кіру парольдерін үнемі өзгертіп отырыңыз, гаджетіңізге 3D қорғауды және банктер ұсынған басқа да қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;

– Ұялы телефон арқылы шоттарыңызды жиі тексеріп отырыңыздар.

Ескертеміз, онлайн сауда жасайтын кезде күмәнді транзакциялардан бас тартыңыз! Банк картасының деректерін, шот номерін және қауіпсіздік кодын бөтен адамға бермеңіз! Банктердің күмәнді сілтемелерін ашпаңыз! Күмән туғызған сілтеме бойынша кіріп, ол жерге жеке мәліметтеріңізді енгізбеңіз! Танымайтын адамға ақша аудармаңыз!

Егер банк картаңыздан ақшаны заңсыз алып қойса, дереу банкке немесе полицияға хабарласыңыз!

Back to top button