Шымкент

Полицейлер 1 тәулікке жетпей нағыз ұрының жеке басын анықтап, оны қала аумағында қолға түсірді

Жергілікті тұрғын құны 430 000 теңге тұратын “Samurai” маркалы мопеді ұрланғанын айтып, Тұран АПБ-на 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданды.  Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.

Оқиға болған маңдағы бейнекамераларды тексеру кезінде Жедел басқару орталығының инспекторлары жүк салғышына мопед артқан жеңіл көлікті байқады. Оның алған бағыты мен жүрген ізіне түсіп, тоқтаған соңғы нүктесін анықтады.

Көрсетілген мекенжайға жедел-тергеу тобы барғанда бірнеше бөлшекке бөлінген мопедті тапты. Ер адам жауабында, көлік құралын досынан сатып алғанын және оның ұрланған мүлік екенінен хабары болмағанын жеткізді.

Полицейлер 1 тәулікке жетпей нағыз ұрының жеке басын анықтап, оны қала аумағында қолға түсіріп, полиция басқармасына жеткізді. Белгілі болғандай жергілікті тұрғын, мопедті ауладағы көлік тұрағынан көше бойына шығарып, сатып алушының автокөлігіне тиеп жіберген.

– 42 жастағы азамат бұған дейін есірткі қылмысы үшін сотты болғаны анықталды. Қазіргі таңда, іс бойынша жинақталған құжаттар барлық айғақтармен бірге сотқа жолданды. -, деді анықтаушы Қажымұрат Халил.

Шымкентте қоймадан киім-кешек ұрлаған жас жігіт сотталды. Қаратау АПБ-на жергілікті тұрғын ұрлық қылмысының құрбаны болғанын айтып арызданды. Ол, өзіне тиесілі қоймадан белгісіз біреу құны 600 мың теңге тұратын киім-кешектерді қолды еткенін жеткізді.

Полицейлер аталған деректі ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Қоймаға заңсыз кіру арқылы жасалған ұрлық) бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотталған, 23 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, жас жігіт алдын ала қылмыстық жоспар құрып, түн ортасында қоймаға құлыпты бұзу арқылы кірген. Кейін іштегі киім толы екі чемодан мен үлкен сөмкені алып, ізін суытқан.

Тергеу барысында жинақталған құжаттар мен айғақтар сотқа жолданды. Жәбірленушіге келтірілген шығын толық өтелді. Сот айыпталушыға қатысты 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Back to top button