ЖаңалықтарШымкент

Қаратау ауданында «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шарасы өтті

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында қала аумағында «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлім қызметкерлері түнгі уақытта кәмелетке толмағандарға қатысты немесе олар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында арнайы бағытқа бөлініп, Қаратау ауданындағы жастар көп шоғырланған орындарда және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Сондай-ақ, қаладағы дәмхана, көлік жуу орындарында кәмелет жасқа толмаған балалардың жұмыс жасауын анықтап, ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Басты мақсат кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін тексеру, ата-ананың қарауынсыз қалу және келеңсіз жағдайлардың алдын алу. Тәртіп сақшылары заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүрген жасөспірімдерді анықтап, Қаратау ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттама толтырылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмағандарға түнгі уақытта сағат 22.00-ден бастап 06.00-ге дейін көңіл көтеру мекемелерінде жүруге, сағат 23.00-ден бастап 06.00-ге дейін заңды өкілдерінің ілесіп алып жүруінсіз үйден тысқары жерге шығуға тыйым салынатынын ескертеді.

Мегаполисте “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Мұндағы басты мақсат – кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту және оны болдырмау.

Осыған байланысты полицейлер қала аумағында рейд жұмыстарын жүргізіп, жеткіншектер жиі баратын жерлерді тексеруде. Шараның 1 тәулігінде жасөспірімдерге қатысты жалпы 108 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын 6 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен хаттама толтырылса, 1 жеткіншек қоғамдық орында мас халде болғаны үшін ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігімен жазаланды. Сондай-ақ, түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 98 бала әкімшілік кодекстің 442-бабымен жауапқа тартылды.

Back to top button