Шымкент қаласында «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығында» өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді
Өрт-тактикалық жаттығудың тактикалық тұрғысына сәйкес, орман шаруашылығына жақын орналасқан тұрғын үйлердің бірінің ауласында қоқыс жағу барысында от қараусыз қалып, оттың ұшқыны желдің бағытымен орман шаруашылығына таралып, өрт орын алды.
Орман шаруашылығының күзетшісі тез арада «101» қызметіне хабар береді. Жоғары шақырту бойынша және жергілікті органдармен өзара іс-қимыл жасау нұсқаулығына сәйкес жаттығу орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің және орман шаруалығының күштер мен құралдары жөнелтілді. Сондай-ақ Түркістан облысының өрт сөндіру қызметі көмекке келді. Шартты өрт орнында өрт сөндіру штабы құрылып, 105 қызметінің қызметкерлері тарапынан бағаналардағы электр желісі ажыратылды. Бірлесіп әрекет етудің нәтижесінде өрттің орман шаруашылығы мен тұрғын үйлерге таралуына жол берілмеді, сондай-ақ 10 гектарды құрайтын аумақта шартты өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Жаттығу барысында орманды дала өрттерін сөндіру бойынша күштер мен құралдарды басқару органдарының өзара іс-қимылына сәйкес мекемелер мен қызметтер арасында өрт туралы ақпарат алмасу тәртібі де пысықталды.
Шымкент қаласында ҚР ТЖ министрлігінің нұсқаулығына сәйкес, «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдары, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, №35748, 6506, 10216 әскери бөлімдерінің, ТЖ департаментінің күштері мен құралдары қатысты.
Шартты түрдегі табиғи апатқа байланысты жедел штаб құрылып, оның жұмысына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов жетекшілік етті.
Қала аумағында сағат 10.00-де қалалық құлақтандыру жүйесі іске қосылды. Негізгі оқу-жаттығу Қаратау ауданы Нұртас шағынауданындағы «Аман» тұрғын үй кешенінде өтті. Қалалық төтенше жағдайлар департаментіне шартты түрде 7 балдық жер сілкінісі болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Дер кезінде тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару және өртті сөндіру, адамдарды құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Жалпы 100 адам эвакуацияланып, зардап шеккен 10 адамға медициналық көмек көрсетілді.