Бұғатталған банк шоттарын ашу мәселелеріне қатысты құқықтық консультациялар берілді
Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасарлары А.Исабекованың және Б.Усипбековтың төрағалығымен, Департамент қызметкерлерінің, адвокаттар, нотариустардың қатысуымен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Bal Tekstil» кілем фабрикасы қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде Департамент қызметкерлері Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жер телімін алу, бұғатталған банк шоттарын ашу және тағы басқа мәселелерге қатысты құқықтық консультациялар берді.
Банкте жеке шотты қалай ашуға болады? Алдымен шоттың сізге қандай мақсатқа қажет екенін анықтап алуға кеңес береміз. Жеке тұлға ретінде сіз Ұлттық банктен басқа Қазақстан Республикасының кез-келген банктерінде шексіз көлемде шоттар аша аласыз. Сіз келесілерді аша аласыз: ағымдағы шоттар – әдетте ақша сақтау және аудару үшін, сондай-ақ карта операцияларын жасау үшін пайдаланылады; жинақ ақша шоттары – ақша сақталатын депозиттер, оларға пайыздар есептеледі. Шоттарды теңгемен де, шетел валютасымен де ашуға және жүргізуге болады. Шот ашқан кезде банк жеке сәйкестендірме кодын (ЖСК) береді, ол банк клиентінің банк шотындағы 20 таңбалы нөмір болып табылады.
Шот ашу үшін қандай құжаттар қажет? ҚР резиденттері жеке басын куәландыратын құжатын ұсынса жеткілікті болады. Бейрезиденттер сондай-ақ бейрезиденттің салық төлеуші ретінде тіркелгендігі туралы куәліктің көшірмесін ұсынуы тиіс. Аталған құжаттар ұсынылғаннан кейін банк менеджері Шарт рәсімдейді және онда ақшаны сақтаудың, қайтарудың барлық шарттары, банк комиссияларының мөлшері, шартты тоқтату және бұзу тәртібі сипатталуы тиіс. Шартқа қол қоймастан бұрын барлық шарттарымен мұқият танысып шығыңыз.
Мемлекеттік жәрдемақы алуға арналған шот Мұндай жағдайда жеке куәлігімен қатар банкке ағымдағы шоттың тағайындалуы ретінде – жеке тұлғаға Мемлекеттік әлуеметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің/мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақылардың есептелуін көрсете отырып, банкке өтініш беру қажет.
Басқа адамның атына шотты қалай ашуға болады? Жеке тұлғаның банкке ұсынатын құжаттарының тізімі: шотты ашу және (немесе) оған иелік ету құқығын беретін нотариалдық жолмен куәландырылған сенімхат (клиенттің ата-анасының және заңды өкілдерінің – қамқоршыларының, жанашырларының, патронажды тәрбиешілерінің ұсынуы талап етілмейді); туу туралы куәлік (кәмелет жасқа толмаған, он алты жасқа дейінгі тұлға-клиенттер үшін); салымшының жеке басын куәландыратын құжат.