Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу барысында жиі қойылатын сұрақтар
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін қандай негіздер болуы мүмкін?
1) Құқықтық қатынастар субъектілері мен объектілері, жылжымайтын мүлікке құқық түрі немесе құқық ауыртпалығы және өзге де тіркеу объектілері не олардың туындау, өзгеру немесе тоқтатылу негіздері заңнама талаптарына сәйкес келмеген кезде;
2) Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген болса;
3) Жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдарынан құрылыс объектілерінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес остігі туралы тиісті ақпаратының негізінде;
4) Егер қажетті құжаттар мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру кезінде ұсынылмаған болса, өтініш беруші осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде;
5) Заңнама талаптарына сәйкес келмейтін нысан мен мазмұн бойынша құжаттарды тіркеуге ұсынған кезде;
6) Заңның 31-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқықты немесе өзге де мемлекеттік тіркеу объектісін мемлекеттік тіркеуді болдырмайтын Ауыртпалықтар болған кезде;
7) Заңды күшіне енген сот актісі негізінде;
8) Егер тіркеуді тоқтата тұру мерзімдері ішінде тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылмаса;
9) Егер тіркеу объектісі осындай құқыққа қатысты ауыртпалықтың ауысуы, өзгеруі, тоқтатылуы немесе белгіленуі болып табылса, ол пайда болған сәтте қолданыста болған заңнамаға бұрын туындаған құқық сәйкес келмеген кезде;
10) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның меншік құқығын және тиісті саланың уәкілетті органын жалдау құқығын тіркеуді қоспағанда, мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тиесілі жылжымайтын мүлікке құқықтар мен құқықтар ауыртпалықтарын тіркеуге жүгінген кезде;
11) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңның 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.