BasNewsЖаңалықтар
Президент «АрселорМитталТеміртаумен» инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

2023 жылғы 28 қазанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 адам қаза болған Костенко атындағы шахтадағы жарылысқа байланысты Үкіметке бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды basnews.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.
«Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды», – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған хабарламда.
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, 16 адам қаза тапты.