Бас прокуратура шахтадағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғады
Қадағалаушы орган сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша жүргізілетінін мәлімдеді.
«Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді».Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Жергілікті жерде тергеу жұмысын бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіруде.
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Бұған қоса мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «АрселорМитталТеміртаумен» инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.