BasNewsЖаңалықтар
29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазан күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды basnews.kz.
Президент қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.
Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.