BasNewsЖаңалықтар

ШҚО-да коронавирустан бір адам қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустан бір науқас көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

1979 жылғы әйел адам 12 сәуірде жедел жәрдем қызметімен ауыр жағдайда провизорлық стационарға жеткізілді. Онда алгоритмге сәйкес CОVID-19 талдаулары алынып, нәтиже оң болып шықты.

Нәтиже алынғаннан кейін науқас инфекциялық стационарға, қарқынды терапия палатасына ауыстырылды.

Пациентте СОVID-19-дан басқа 2 жақты ошақты пневмония, сол жақты плеврит, 3 дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі, уытты миокардит, жіті респираторлық дисстресс-синдром, ауыр алкогольдік улану анықталды.

Науқаспен реаниматолог бригадасы жұмыс істеді. Кейін ИВЛ аппаратына қосылды, реанимациялық іс-шаралар жүргізілді. Түнде екі рет жүрек қызметінің тоқтауы, сондай-ақ, екі рет реанимация сәтті өткен.

Алайда, жүрек қызметі қайтадан тоқтаған кезде, реанимациялық іс-шаралар сәтсіз болып, биологиялық өлім анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button