BasNewsЖаңалықтар
Ақмола облысында коронавирустан бір науқас көз жұмды

Ақмола облысында коронавирустан бір науқас көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz Coronavirus2020.kz cайтына сілтеме жасап.
«Науқас 1936 жылы дүниеге келген», – делінген хабарламада.
Ал Қазақстан бойынша жазылғандар саны 110-ға жетті.
Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам, Атырау облысында 3 адам, Қызылорда облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 1 адам аурудан айықты.



