BasNewsЖаңалықтар

Алматыда жол апаты салдарынан мопед өртеніп, жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

Әлеуметтік желіде отқа оранған мопедтің видеосы жарияланды. Оқыс оқиға Алматыда Шығыс айналма тас жол бойында орын алғаны да айтылады, деп хабарлайды basnews.kz.

Полиция аталған видеоға қатысты түсініктеме берді.

«Мопед жүргізушісі Шығыс айналма тас жолы бойымен солтүстік бағытта келе жатып, жолды бөліп тұрған цемент қабырғаға соғылған, сондай-ақ ол екі көлікпен соқтығысты. Апат салдарынан мопед отқа оранған», – деп атап өтті қалалық ПД.

Полиция мопед жүргізушісінің оқиға орнынан қашып кеткенін нақтылайды.

Back to top button