BasNewsЖаңалықтар

Қостанай облысында малдан бруцеллез анықталып, үш ауданда шектеу шаралары енгізілді

Қостанай облысында мал арасындағы аталған індет тарап кетпес үшін,үш ауданда шектеу шаралары енгізілді. Елдімекендерде шектеу шаралары инфекция толық жойылғанша жалғасады. Осы аралықта індет ошағына ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге және шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды basnews.kz.

Шаруа қожалықтарының 300 бас малы бруцеллез жұқтырған. Қазір ауру ошағы анықталған жерлер залалсыздандырылып жатыр. Ал жұқпалы кеселден аман қалған ірі қараны сойып, ет комбинатына тапсырып жатыр. Иесіне ет бағасының 30%-і көлемінде өтемақы беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24«.

«Төрт түлік екі рет санитарлық тексеруден өтеді. Дерт жұқтырмағаны анықталса, елдімекендерде шектеу шаралары алынады. Қазіргі уақытта Меңдіқара ауданында 78, Наурызым және Әулиекөл аудандарында жүзден аса малдан бруцеллез белгілері табылды. Ауру мал ем комбинаттарына жеткізіліп, иелеріне өтемақы берілді», – деп хабарлады облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев.
Back to top button