BasNewsЖаңалықтар
Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды
Түркістанда жоғалған 4 жасар баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды basnews.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 3 желтоқсан күні үздіксіз іздестіру жұмыстарынан кейін көрші үйдің маңындағы септиктен 4 жасар баланың денесі табылған.
Баланың денесіне сот-медициналық сараптама жүргізілген, зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратураның басшылығы жүр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.