Бұқаралық спорт сандары

Дене шынықтыру, спорт және туризмді дамыту – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі. Ұлтты сауықтырудың және Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтудың тиімді құралы.
Елімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 7,6 млн адам шұғылданады, бұл ел халқының 38,5 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш 2029 жылға қарай 50% пайызға дейін жетеді деп жоспарланып отыр.
Саламатты өмір салтын насихаттау бойынша елімізде барлық жас санаттарына бағытталған 25 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі. Іс-шараларға республика бойынша жыл сайын 1,2 млн адам қамтылады, оның ішінде ауылдық жерлерде 500 мың адам.
Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру бойынша жұмыстар белсенді жалғасуда. Биыл 250 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамту үшін жергілікті атқарушы органдар 43,2 млрд теңге бөлді. Нәтижесінде 220 мың балаға арналған ваучерлер іске қосылды, бұл 6 мыңнан астам спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік береді.