BasNewsЖаңалықтар

Балалар мен жасөспірімдер спортына 43,2 млрд теңге бөлінді

2023 жылы жергілікті атқарушы органдар балалар мен жасөспірімдер спортына 43,2 млрд теңге бөлді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеді. 

«Ағымдағы жылы 250 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер балалар мен жасөспірімдерді қамту үшін жергілікті атқарушы органдар 43,2 млрд теңге бөлді. Нәтижесінде, 220 мың балаға арналған ваучерлер іске қосылды. Бұл 6 мыңнан астам спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Back to top button