BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның үш өңірінде көктайғақ пен боранға байланысты жол учаскелері жабылды

Ауа райының нашарлауына байланысты (жолды тазалау, қарлы боран, шектеулі көрініс, көктайғақ) үш облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды basnews.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 159-238 шақырым аралығы жабық, Кенен ауылынан Қайнар ауылына (Жаңа Қордай асуы) дейін – 79 км;

Жетісу облысында екі жол учаскесі (223 км):

  • «Үшарал-Достық» тас жолы, 84-184 км, Көктұма станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км;
  • «Алматы-Өскемен» тас жолы, 287-410 км, Талдықорған қаласынан Сарқанд қаласына дейін.

Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» тас жолының 1361-1650 шақырым арылығы жабық, Арал қаласынан Босмандық ауылына дейін – 289 км;

«Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 568 техника жұмылдырылды», делінген хабарламада.

Back to top button