BasNewsЖаңалықтар

Алматыда анасы таксиде ұмытып кеткен

Төрт жасар Мармар Қалмақбайдың анасы қызын Жамбыл ауданынан Алматыға келе жатқан таксиде ұйықтатып, ұмытып кеткен, деп хабарлайды basnews.kz.

Lider kz волонтерлері мәлім еткендей, 2 қаңтар кешкі сағат 20:00 шамасында 39 жастағы Бақытгүл Қалмақбай кішкентай қызымен бірге Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылынан Алматы қаласына жету үшін Алматы-Бішкек тасжолында көлік тоқтатқан.

Сағат 20:49 шамасында әйел ұйықтап жатқан баланы белгісіз ақ көлікте қалдырып, өзі Райымбек даңғылында Б. Момышұлы көшесіне жетпей түсіп қалған.

Бүгін таңертең Мармарды полицияға көлік жүргізушісі әкелді.

«Кішкентай қыз аман-есен табылды. Полиция Мармарды ата-анасына тапсырды»,-деп хабарлады ведомстводан.

Back to top button