Ақтөбеде жаппай төбелестен соң 6 адам қамауға алынды
Ақтөбеде түнде болған жаппай төбелеске қатысқан 6 адам қамауға алынды. Қылмыстық істен соң процесс прокуроры тағайындалды, деп хабарлайды basnews.kz.
Ақтөбе қаласының Қызылжар тұрғын алабындағы жаппай төбелестен соң Қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Қылмыстық істі облыс прокуроры бақылауына алды.
– Оқиға Қызылжар тұрғын алабында орналасқан «Алмаз» дүкенінің жанында болды. Онда полиция басқармасының жедел-тергеу тобы мен облыс прокуратурасының басшылығы барды. Деректерге сүйенсек, Instagram желісінде А. және В. арасында жанжал туындады. Нәтижесінде кәмелетке толмаған В. келесі күні «Алмаз» дүкенінің жанында кездесуді ұсынған. 2 қаңтар күні сағат 23:00 шамасында А. және С. пышақ жарақатын алған. Екеуі де есін жимастан көз жұмды. Қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокурорының жеке бақылауға алды, – деп хабарлады Ақтөбе облысы прокурорының баспасөз қызметі.
Айта келейік, Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханаға барлығы 4 адам жеткізілген. 2006 жылғы екі жігіт бірнеше жерден жараланып, көз жұмды.
– 2004 жылы туған ер адам хирургия бөліміне жатқызылды. Оның сол жақ жауырынында тесіп-кесілген жарақаты бар. Ота жасалды. Жағдайы орташа ауыл. Ал 2004 жылғы тағы бір науқас сол жақ иығынан жараланған. Ол амбулаторлы түрде ем алу үшін үйіне жіберілді, – деді Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаппай төбелеске барлығы 10 адам қатысқан. Оның алтауы қамауға алынды.