BasNewsЖаңалықтар

Оралда жол апатынан бір адам қаза тапты, бесеуі зардап шекті

Орал қаласында үш машинаның қатысуымен ЖКО орын алды. Оқиға 2024 жылдың 6 қаңтарында» Октан » жанармай құю станциясының жанындағы аудандық тас жолда болды, деп хабарлайды basnews.kz.

Полицияның мәліметінше, апат салдарынан бір адам ауруханаға барар жолда қайтыс болып, тағы бесеуі жарақат алған.

«ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жергілікті жерде полиция қызметкерлері жұмыс істейді. ЖКО жағдайлары анықталуда», – деп түсіндірді Орал қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Еламан Валиев.

Back to top button