Астана әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті
Астана халықаралық әуежайының хабарлауынша, аэродром қызметкерлері қолайсыз ауа райында жұмыс істейді.
«10 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды. Сағат 14:00 мен 20:00 аралығында желдің жылдамдығы секундына 22 метрден 27 метрге дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа райында рейстер тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін», – деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Әуежай өкілі аэродромда қалың қар жауып, желдің жылдамдығы 10 м/с, жел екпіні 15 м/с жеткенін түсіндірді.
«Бүгінде елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған. 7 рейс әуе компанияларының техникалық себептеріне байланысты кейінге қалдырылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы тіркелген жоқ,- деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, аэродромды қалың қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатқаны айтылды. Қазір бұл жұмысқа 10 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
«Ұшулар туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан алуға болады. Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы анықтамалық қызмет көрсетуге болады: 8 (7172)702-999», – деп хабарлады Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.
Бастауыш сынып оқушыларының қашықтықтан оқытуға көшуіне елордадағы қолайсыз ауа райы да себеп болды.