BasNewsЖаңалықтар

Астана әуежайының атауы өзгермейді

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының атауы өзгере ме? Сұраққа Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жауап берді, – деп хабарлайды basnews.kz.

ААК ресми сауалға жауап беріп, қазір мұндай жоспарлар жоқ екенін мәлімдеді.

«Бүгінде Астана әуежайының атауын өзгерту, сондай-ақ әуежайдың үш әріптен құралған кодын өзгерту мәселесі комитеттің күн тәртібінде жоқ», – делінген хабарламада.

Дәл осыған ұқсас жауапты елорда әуежайының баспасөз қызметі де берді – қала Нұр-Сұлтан деп аталған кезде әуе айлағына берілген әуежай кодын өзгерту жоспарда жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының үш әріптік коды ескі TSE-ден жаңа NQZ-ге 2020 жылдың сәуірінде өзгертілді. Өзгерістер ресми түрде 2020 жылдың 8 маусымында күшіне енген болатын.

Back to top button