BasNewsЖаңалықтар
Алматы маңында бір түнде алты жер сілкінісі болды
Алматыдан 275 шақырым жерде Қытайда жерасты дүмпулері тағы тіркелді. Бұл өткен түнде Қазақстан маңында болған алтыншы жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды basnews.kz.
«Сейсмикалық станциялар желісі 25 қаңтарда Алматы уақыты бойынша 07:43-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан», – делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,6. Магнитудасы MPV – 5,5. Тереңдігі – 15 шақырым.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.