BasNewsЖаңалықтар

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді

Қазақстандық сейсмологтар тағы да жер сілкінісін тіркеді. Алматыда 2 балл болып сезілген, деп хабарлайды basnews.kz.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Сейсмологтар мұның афтершок екенін түсіндірді.

Жерасты дүмпуі Астана уақытымен 15:03 болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,0.

Магнитудасы MPV – 5,5.

Тереңдігі – 5 км.

MSK-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматыда 2 балл болып сезілген.

Back to top button