BasNewsЖаңалықтар

Астанада мектеп оқушысы қоқан-лоқы жазылған парақтар таратқан

Астанада мектепте теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратқан оқушының ата-анасы жазаланды, – деп хабарлайды basnews.kz.

Полицияға педагог хабарласқан. Ол 9-сынып оқушысы қоңырау кезінде басқа оқушыларға мектепте теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратып жүргені туралы айтқан. Оқиға орнына жедел-тергеу қызметкерлері келген.

Оқушы әзіл ретінде компьютермен жазып, қағаздарды таратқанын мойындаған. Полиция соталды тергеу бастады, қажет сараптама тағайындалған.

Баланың ресми өкілдері – ата-анасына әкімшілік шара қолданылған. Астана кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмағанның анасына айыппұл салынды.

Back to top button