BasNewsЖаңалықтар

Семейде полицейлер көлікке оқ атты

Абай облысында полицейлер мас жүргізушіні ұстау кезінде оқ атты, – деп хабарлайды basnews.kz.

ІІМ мәліметінше, 28 қаңтарға қараған түні Семей маңындағы Ново-Баженово кентінде патрульдік полиция қызметкерлері жол талғамайтын көлікті байқаған, оның жүргізушісі тәртіп сақшыларын көргенде жылдамдықты күдікті түрде арттыра бастаған. Полицейлердің заңды талабына бағынбай, ізін суытып, елді мекенді аралап, төтенше жағдай туғызған.

«Күдікті жүргізушіні ұстау үшін полиция аспанға ескерту ретінде оқ атып, содан кейін көліктің дөңгелегіне оқ атқан», – делінген хабарламада.

Mitsubishi Pajero көлігінің 38 жастағы жүргізушісі орта дәрежеде есірткі мен ішімдікке мас күйде болғаны атап өтілді. Көлік айыппұл тұрағына қойылған. Жүргізуші полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамағаны үшін, сондай-ақ мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін жауапқа тартылды. Сот оны 15 күнге қамауға алып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырған.

Back to top button