BasNewsЖаңалықтар

Qazaq Air әуекомпаниясы тағы да сатылмады

Қазақстандық Qazaq Air әуекомпаниясын тағы да сата алмады, деп хабарлайды basnews.kz.

«Самрұқ-Қазына» холдингінің баспасөз қызметінің өкілдері қайталанған ашық конкурс өткізілмеген деп танылғанын мәлімдеді.

«Самұрық-Қазына» АҚ конкурс шарттарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдердің болмауына байланысты 2024 жылғы 9 қаңтарда жарияланған «QAZAQ AIR» АҚ-ның 49%-дан 100%-ға дейінгі акцияларын сату бойынша қайта жүргізілген ашық екі кезеңді конкурстың өткізілмегені туралы хабарлайды», – делінген релизде.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың акцияларын бәсекелес ортаға беру қағидаларының нормаларына сәйкес «QAZAQ AIR» АҚ-ын бәсекелестік ортаға беру мәселесін пысықтау бойынша одан әрі шаралар қабылдайтын болады.

Айта кетейік, 2023 жылы 9 қаңтарда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ өзіне тиесілі Qazaq Air әуекомпаниясының 49-дан 100 пайызға дейінгі акцияларын ашық екі кезеңдік конкурс бойынша сатылымға шығарды. Акциялардың бастапқы/ең төменгі бағасы : 10 200 000 000 (он миллиард екі жүз миллион) теңге.

Back to top button