BasNewsЖаңалықтар
Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа жалақы мөлшерін жариялады , – деп хабарлайды basnews.kz.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың орташа жалақысы 350,5 мың теңге болған. Бұл ретте бұл көрсеткіш сол жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 15 мың теңгеге азайған.
Еңбек министрлігі мәліметінше, 9,1 миллион қазақстандық жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 6,9 миллионы жалдамалы жұмысшылар, 2,2 миллионы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
451,6 мың қазақстандық – жұмыссыз. Оның 168,9 мыңы ресми тіркелген.