BasNewsЖаңалықтар
Павлодарлықтардан сабыр сақтауды сұрады
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті маңызды мәлімдеме жасады. Құтқарушылар тұрғындардан қорықпауды және 2024 жылдың 8 ақпанында сабыр сақтауды сұрайды, деп хабарлайды basnews.kz.
Бұл үндеуімізге «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының өтуі себеп болып отыр.
«Кұрметті Павлодар каласының тұрғындары, Павлодар облысынын Төтенше жағдайлар департаменті «Көктем-2024″ Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу шеңберінде 2024 жылдың 08 ақпанда, сағат 12.55-те электродабыл арқылы дыбыс дабылын беру көмегімен қала тұрғындарының құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізеді», деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.