BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда танымал лотерея дүңгіршектері жұмысын тоқтатты

Бүкіл Қазақстан бойынша электронды лездік лотереяларды сататын дүңгіршектердің жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды basnews.kz.

Ведомстводағылар бұл дүңгіршектерге қатысты қазақстандықтар мен мемлекеттік органдарға шағымдар жиі түсетінін түсіндірді.

«Сондықтан, Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы екі рет – мамыр және қараша айларында лотерея операторы – «Сәтті Жұлдыз» АҚ-на лотерея клубтарының жұмысын және электронды лездік лотереяны ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсынымдар жіберді», – деп жазылған 2024 жылдың 7 ақпанындағы хабарламада.

«Министрліктің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес лотерея операторы 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика бойынша Lotomatic терминалдары/дүңгіршектер арқылы электронды лездік лотереяны таратуды уақытша тоқтатты», – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Дегенмен, сарапшылардың атап өтуінше, кейбір жерлерде ресми «сары-көк» Lotomatic терминалдары ретінде көрнекі түрде стильдендірілген контрафактілік машиналар жұмыс істей беруі мүмкін.

«Осыған байланысты азаматтарды қырағы болып, заңсыз лотерея терминалдарының қызметтерін пайдаланбауды, сондай-ақ министрліктің чат-ботына және WhatsApp (+7 707 9071507) Lotomatic дүңгіршектерінің немесе заңсыз лотереяның барлық фактілері туралы хабарлауын сұраймыз. Әрбір сұраныс «лотерея операторымен және құқық қорғау органдарымен бірге мұқият қаралады», – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

2024 жылдың 9 қаңтарында Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі 1WIN онлайн-казиносының ұйымдастырушылары халықаралық іздеуге жарияланғанын хабарлады. Бұдан кейін Агенттік ақшаның интернет-эквайринг арқылы және аутентификациясыз қабылданғанын, бұл тіпті кәмелетке толмағандардың да құмар ойындарға қатысуына мүмкіндік беретінін атап өтті. 2023 жылдың өзінде онлайн-казино айналымы шамамен төрт миллиард теңгені құрады.

Back to top button