BasNewsЖаңалықтар

ҚазҰУ студенттерінің деректері таралуы ісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Алматы прокуратурасының нұсқауымен дербес деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды basnews.kz.

«2024 жылдың 14 ақпанында Бостандық ауданының полиция басқармасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 147-бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу)», – делінген Алматы қаласының прокуратурасының хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында барлық қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Back to top button