BasNewsЖаңалықтар
Алматы облысында білім бөлімінің басшысы күдікке ілінді
Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы күдікке ілінді, – деп хабарлайды basnews.kz.
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.
«Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.
Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 миллион теңге жалақы төлеген», – делінген хабарламада.