Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, – деп хабарлайды basnews.kz.
Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға 306 миллиардтан аса теңге зейнетақы төленген.
«2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге», – делінген хабарламада.
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 343 мың адам.
«Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 миллиард теңге жұмсалды», – делінген хабарламада.