Асланбек Шымбергенов пен Айбек Оралбай Олимпиадағы іріктеу жарысының келесі кезеңіне жолдама алды
Бокстан Италияда өтіп жатқан лицензиялық турнирде ерлер арасында Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Асланбек Шымбергенов, Айбек Оралбай өнер көрсетті, – деп хабарлайды basnews.kz.
63,5 келі салмақта сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы болгариялық Радослав Росеновпен жолыққан болатын.
Төрешілер бірінші раундта жеңісті қазақстандық спортшыға бергенімен, екінші раундта болгариялық боксшыны басым деп таныды.
Ал үшінші раундта жекпе-жек Росеновтың қабағы жарылғанына байланысты тоқтатылды. Ереже бойынша, сол мезетте алда тұрған боксшы жеңімпаз деп танылады.
Команда капитаны Асланбек Шымбергенов келесі айналымға өтті.
71 келіде сынға түсетін Асланбек польшалық Дамиан Дуркачтан басым түсті.
Ол үш раунд қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
92 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Айбек Оралбай екінші жекпе-жегінде Оңтүстік Корея өкілі Юнг Ха Ныльдан басым түсті.
Ол қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберген.
Осылайша, Айбек Оралбай үшінші кезеңге өтті.